jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» компаниясының шығыны 520 миллиард теңгеге қысқарды

10 ақпан 2016, 16:40

Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау бағдарламасын және оның активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады.

Айталық, 2015 жылы компанияның ағымдағы шығыстары 520 миллиард теңгеге қысқартылды, басымдығы жоқ бірқатар инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды, соның арқасында 255 миллиард теңге үнемделді. Кредиторлармен келіссөздер нәтижесінде компаниялар тобының жалпы қарызы 7 миллиард долларға азайды.

Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, осы үдерістің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету міндетін қойды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, холдинг әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға тиістігіне назар аударды.

Шөкеев өңірлердегі ірі жобаларға, соның ішінде Атырау облысындағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын кәсіпорын құрылысына, Жамбыл облысындағы каустикалық сода және глифосат өндіретін өндірістік кешенге, сондай-ақ «Солтүстік-Шығыс» электр тарату желісінің құрылысына инвестиция салу көлемі ұлғайғаны туралы айтты. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді

Дереккөз:Tengrinews.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр