jasqazaq.kz

Салықтан жалтарған дөкейлер көліксіз қалды

18 мамыр 2018, 17:54

Шымкентте салықтан жалтарған дөкейлер көліксіз қалды. Қалада бірнеше жылдап салық төлемеген дәулетті азаматтардың кесірінен мемлекетке 112 миллион теңге қарыз жиналып қалған.
NUR.KZ хабарлағандай, салықтан жалтарған дөкейлерді мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлері көшеде қуып жүріп, мүліктерін тартып алды.
Қалдағы бір ғана Еңбекші ауданында көлік салығын төлемеген 6500 азаматқа сот шешім шығарған.
Бақуатты азаматтардың мемлекетке берешегі жүз миллион теңгеден асады.

«Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткіземіз. Көлікті көріп, бағалау жұмыстарын жүргізіп, электронды аукцион арқылы сатамыз. Одан түскен ақшаны мемлекеттің қазынасына құямыз. Егер борышкер салығын төлеп үлгерсе, көлігі айыппұл тұрағынан жүргізушіге қайтарылады», — дейді ОҚО өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Мақсат Қожанов.


Бірнеше қымбат көлікті тізгіндей тұра, оларды туған-туыстарының атына жазып қойғандардың арасында да салықтан жалтарып жүргендері бар.


Ондай «Шығайбайларды» да анықтау орган қызметкерлеріне тапсырылды. Немесе жылдар бойы пайдаланылмай, салығы да төленбей, гараж, аулаларда қаңтарылып тұрған көліктер болуы мүмкін.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен