jasqazaq.kz

Сақалды құрылысқа қатысты дау шықты

05 наурыз 2018, 22:26

Жүйкені жұқартқан жүйесіз құрылыс. Аягөз қаласында іргетасы қаланып, тұралағанына үш жыл болған үйдің төңірегінде шу басылмай тұр. Сол маңдағы тұрғындар жаңа баспананың құрылысы үшін аулалары тарылып, ойын, кір ілетін алаңды сүріп тастағанына наразы. Тіптен, олар әкімдіктің талап бойынша құрылысты бастауға қол жинап, рұқсат алмағандарын айтады. Ал, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін жергілікті атқамінерлер басқа жолдың жоғын айтып жұбатады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл құрылыс көрші үйдің тұрғындарына көзге шыққан сүйелдей. Не сүрілмейді, не салынып бітпейді. Соның кесірінен жазда шаңға тұншығып, қыста жолдың тарлығынан екі аяқтары бір етікке тығылған. -Бұл құрылыстың тұралағанына үш жылдың жүзі толды. Тұрғындар балаларын далада ойнатудан қалған. Өйткені, ауладағы ойын алаңдарын алып тастаған. Ал, кешке таман көліктердің өзі бұл жерде тұратын орын таппайды. О баста құрылысты бастарда сол маңдағы адамдардан әкімдіктің қол жинамауы тұрғындардың қытығына тиген. Талап-тілектерін ескермеген басшылықтың басынуына шыдай алмаймыз дейді. Сейсенбек Жылбаев, Аягөз қаласының тұрғыны: -Не мына араға жедел жәрдем келе алмайды. Келейін десе жан жақтың бәрі түгел жабық. Мына ара деген жазда топырақ болып кетеді. Үсті үстіне үйіп кетеді. Ұлардай шулағандардың өкпесін естіп, жергілікті әкімдік өкілдерінің өздері келді. Көрші үйдің тұрғындары, тіптен кейбіреулерінен қорқытып қол қойдырғандарын атқамінерлердің бетіне бүкпесіз айтты. -Бастықтарын шақыртып қолдарын қойдыртып алған жұмыстан шығарамыз деп. Сол міне тұрғанына екінші-үшінші жыл кетіп бара жатыр. Домбырам не дейді, мен не деймін. Әкімнің орынбасары қойылған сұрақты естісе де, әңгімені басқа арнаға бұрып жіберуге тырысты. Бірақ, қадалған жерінен қан алмай қоймайтын тұрғындардың табандылығы атқамінерді ашуға булықтырды. Самат Серіков, Аягөз қаласы әкімінің орынбасары: -Ал мен айтайын сізге бұл кісілер рұқсат берген жоқ десе, бұл кісілер рұқсат берді. Кімге сенесіз ал? Осы уақытқа дейін осы жердің бәрі қоқыс болып жатты. Есік алдының бәрі бұзылып жатты. Тыңдаңыз! Бұл түйіннің әзірге тарқайтын түрі жоқ. Тұрғындар аулаларын бұрынғы қалпына келтірмесе, онда құрылысқа қарсы шығып, құзырлы органдарға шағымданамыз деп отыр. Әкімдік бұл жолы үнсіз бастарын шұлғып, ойластырамыз деп тарқасты.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен