jasqazaq.kz

Сәкен Жасұзақов: Екі дос арасындағы мәселе болуы керек

09 сәуiр 2018, 15:04

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Талдықорғандағы әскери комиссариатта подполковниктің атып өлтірілуіне қатысты түсініктеме берді.
Nur.kz хабарлағандай, «Екеуі де әскери борышын бірге өтеген, дос болған, бірге жұмыс істеген. Соған қарағанда екі адам арасындағы мәселе болуы керек. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр…Оның үстіне, қазір әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр, бәрі қарбалас. Жаңағы адам (күдікті – автор ескертп.) әскерилерді шақыруға жауапты болған, күн сайын тапсырма, бұйрық. Марқұм жайында жаман ештеңе айтқым келмейді, бірақ басшы ретінде тым жоғары талап қойған шығар», — деді министр.
Жасұзақов марқұм да, айыпталып отырған күдікті де психологиялық тестен өткенін атап өтті.
«Біз әр жарты жыл сайын әскери комиссариатқа шақырудың қорытындысын шығарамыз. Бізде психологиялық тест өткзетін арнайы қызмет құрылған. Бұған дейін олар тестілеуден өтті. Қылмыс жасаған адамның көрсеткіштері жоғары болған. Ал басшыға қатысты кейбір сұрақтар туындады», — деді ол.
Министр екеуінің де артында отбасы қалғанын айтты.
«Біз отбасына материалдық, моралдық-психологиялық көмек көрсетеміз»,- деді министр.
Еске салып өтсек, 31 наурызда Алматы облысының қорғаныс істері департаментінде оқыс оқиға болды. Қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б.Беристемов атып өлтірілді. Күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А.С.Оспанов ұсталды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды