jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев неге жылады? (видео)

18 мамыр 2018, 10:51


Өскемен тұрғыны Рамазан айының алғашқы күнінде әнші Сәкен Майғазиевке баға жетпес сыйлық жасады. Ол концертке Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың көрпесінің қиындысын алып келді. Алайда мұндай бағалы затты әншіге сыйға тартқан жоқ, тек ұстап, иіскеп көруге мүмкіндік берді.

Stan.kz хабарлағандай, Сәкен Майғазиевке Мұхаммед пайғамбардың көрпесінің қиындысын көрсеткен әйел әншіні жылатты.  Шығыс өңірінде өткен концерт кезінде тұрғындардың бірі сахнаға шығып: “Қаншама жылдан бері сақтап келген пайғамбарымыздың көрпесінің қиқымын осы бір қасиетті сахнада Рамазан айында бір көрсетіп, алып кетейін деп алып келдім. Өзіңіз ораза ұстап жүр екенсіз”, – деді.

Мұндайды күтпеген әнші:    “Көрудің өзі бақыт. Адамзаттың асылы пайғамбарымызды түсімде көруді армандап жүрген үмметтерінің бірі едім”, – деп көзіне жас алып, сахнадан кетіп қалды.

Қатты қобалжыған Майғазиев бұл күні алған әсерімен кейіннен желіде бөлісті.  “Иә, сүйікті пайғамбарымыздың көрпешесінің қиындысын ұстап көргендегі әсерімнен әлі шыға алар емеспін. “Үмметім, үмметім” деп, ұлынан бізді биік қойған пайғамбарымызға (с.ғ.с) лайықты үммет бола алмай жүрміз-ау деген ой тыншытар емес. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын. Алла тағала айлардың сұлтанында иман байлығымызды арттырғай”, – деді ол.

Ия, сүйікті ПАЙҒАМБАРЫМЫЗдың көрпешесінің қиындысын ұстап көргендегі әсерімнен әлі шыға алар емеспін. 😥 (Алдыңғы видео) «Үмметім, үмметім…» деп, ұлынан бізді биік қойған ПАЙҒАМБАРЫМЫЗға (с.а.с) лайықты үммет бола алмай жүрміз-ау деген ой тыншытар емес. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын. АЛЛА тағала айлардың сұлтанында иман байлығымызды арттырғай. 😥🇰🇿🕌🕋🌎📚👨‍👩‍👦‍👦🏘🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен