jasqazaq.kz

Сәбит Әбдіқалықов Димашқа келіншек тауып беретінін айтты

16 қантар 2018, 13:58

Кәсіпқой бокста 13 рет кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеген былғары қолғап шебері Димаш Ниязов туған жері Қазақстанға ат басын бұрды. Шетелде жүріп «үздік полицей» атанған қазақ баласы Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда болашақ спорт шеберлерімен және жанкүйерлерімен кездесті.

Бұл туралы NUR.KZ-ке сілтеме жасап 365info.kz хабарлайды.

Аталмыш іс-шараны Мүсірепов театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов ұйымдастырды.

Жақында ғана «Бизнес по казахски» фильміне түсіп, актерлық қырынан танылған сегіз қырлы, бір сырлы Димашпен дидарласуға Амалбек Тышанов басқаратын Республикалық спорт колледжінің студенттері келген.

Сондай-ақ, кездесуге ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Ардақ Назаров та қатысты.

Ең алғаш болып сөз алған Амалбек Тышанов айтулы шараға себепкер болған Димаш Ниязовқа отандық спорт киімін табыс етті.

Ал театр директоры Сәбит Әбдіқалықов боксшының өзінің «аталас бауыры» екенін алға тартып, оның әрбір жеткен жетістігіне шын жүректен қуанатынын айтты. Осы орайда, Димаштың туған жеріне, өз ауылына жиі келіп тұруы үшін оны «Шымкенттің таза қазақи тәрбие көрген қызымен жарастыратынын» айтып қалды. Артынша, Сәбит мырза бұл сөздерінің астарлы қалжың екенін білдірді.

Қонақтар сөз сөйлеп, тілек білдіріп болған соң Димаш Ниязов орнынан тұрып, өз жұртымен қауышқанына шексіз бақытты екенін жеткізіп, көпшілікке алғыс айтты. Бұдан соң спорт колледжінің студенттері мен басқа да көрермендер боксшыға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық әңгімелесті.

Еркін форматта өткен сұхбат аяқталған соң театр сахнасында кішігірім концерт қойылып, Ләлә Бақытнұрқызы, Өктем Алтаев, Ерден Жақсыбеков сынды әншілер қонақтарға әннен шашу шашты.

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан