jasqazaq.kz

С.Майғазиев: Алла нәсіп етсе, мүмкін бесіншісі ұл боп қалар

06 наурыз 2018, 12:33

Жақында Сәкен Майғазиев жанашыр тыңдармандарын жағымды жаңалығымен қуантқан еді. Әншінің жұбайы Динара бүгінде төртінші перзентіне жүкті. Майғазиевтер отбасы мамыр айында тағы бір жанмен толықпақ.

Дәрігерлер Майғазиевтің үшінші мәрте қызды болатынын айтқан көрінеді. Алайда туыстары мен Сәкеннің қос қызы басқа болжам жасауда. Бұл туралы әнші НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Жұбайым екеуміз үшінші қызды күтіп жүргенбіз. Алдын ала болжамаймыз ғой, бірақ медбикелердің айтуы бойынша қыз сияқты. Ал бірақ жақындарымның бәрі түсінде ұлды көреді. Кішкентай екі қызым да «ұл болады» деп қоймайды. Ауыздарынан тастамайды. «Көрдік, сенен аумайды екен» деп үлкен қызымды, біресе кіші қызымды алдаймын. Әдемі қыз болады десем, сенбейді. Екеуі де ұлды күтіп жүр. Алла нәсіп етсе, мүмкін бесіншісі ұл боп қалар. Алла соған жеткізсін”, – дейді Сәкен.

Майғазиев бір сұхбатында 7 баланың әкесі болуды армандайтынын айтып қалған еді. Тіпті, жасы 40-тан асса да, үш баламен тоқтап қалғысы келмейтінін тілге тиек етті. Әнші әлі де бұл ойынан айнымағанын айтады.

“Алла білуші ғой, біз армандаушымыз. Алтын шыққан жерде белден қаз дейді. Алла нәсіп етсе, менің де, жұбайымның да алға қойған діттеген мақсаттарымыздың бірі деп айтсақ болады”, – дейді ол.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен