Су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталыққа соғылған 28 жастағы алматылық есірткіге мас болған.
«Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ұсталған 1990 жылғы ер адам есірткі затына мас болған», — деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 3-бөлігі («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») блйынша соталды тергеу басталған. «Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді ҚР ІІМ өкілдері. Еске салайық, бұл оқиға 28 ақпанда болған еді. «»Ер адам салонда Rolls Roys көлігін қарап жатып, газ педалін басып жіберген, сөйтіп, көлікпен сөрені соққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлаған еді Astana Motors компаниясының өкілдері.