jasqazaq.kz

Ризабек Айтмұхан: Көк туымызды әлі де биікте желбіретемін!

20 қыркүйек 2024, 13:56


Еліміздік мемлекеттік символы — Әнұран екі жағдайда шырқалатыны белгілі. Президент өзге елге ресми сапармен барғанда Әнұранымыз шырқалады. Спортшылар әлемдік додаларда жеңіс тұғырына көтерілгенде Көк туымыз көкке өрлеп, Әнұранымыз әлемге естіледі.
Jasqazaq.kz еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы, жастар арасында да осы жеңісін қайталап ел мерейін асырған саңлақ, даңқты балуан Ризабек Айтмұханға сауал жолдап, мемлекеттік рәміздерге құрметін білді.


«Өздеріңіз білесіздер, жуырда Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Мен бұл сынға олимпиадалық салмақ саналатын 97 килода белдесуге түстім. Әкем әрі жеке бапкерім де, құраманың аға жаттықтырушысы да зор сенім артты. Финалдық белдесуге дейінгі барлық қарсыластарымды айқын басымдықпен жықтым. Сөйтіп жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтын медалі менің еншіме бұйырды. Испанияға елден аттанарда ырымдап көк туымызды ала кеттік. Былтырғыдай қолайсыздық болмасын деп алдын ала қамдандық. Финалдық күрестен кейін көк туымызды жамылып, дүниежүзіне өз елімнің символы саналатын аспан түстес байрағымызды көрсеттім. Туымды жамылып, жеңіс тұғырында тұрудың әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Құдды бір арқаңда 20 миллион халқыңның аманаты тұрғандай күйге бөленесің», — дейді балуан.


Жанкүйерлердің есінде болар, былтыр ересектер арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Белград қаласында өтті. Ризабек бұл додаға олимпиадалық санатқа жатпайтын 92 кг салмақ дәрежесінде күресті. Финалдық белдесуде әзербайжандық Осман Нурмагомедовты жеңіп әлем чемпионы атанды. Сонда кілемді айнала жүгіріп жеңісін тойлауға мемлекеттік тудың өзімен бірге болмағаны налытқан еді. «Сол кезде қатты күйзелдім, әрине, оған ешкім жазықты емес. Сонда ішімнен «бұдан кейін де әлемдік аламанда олжа салып, байрағымызды желбіретемін» деп өзіме серт бердім. Арада бір жыл өткенде жастар арасында сол биікке тағы шығып, көк туымызды биікте желбіреттім. Мен елімнің атын әлі талай дүниежүзілік додаларға асқақтатамын. Бұйыртса, төрт жылдан кейін Лос-Анджелесте жазғы Олимпиадасы болады. Сол байрақты додада еркін күрестен алтын медаль иеленіп, ел мерейін асыруға барымды саламын», — дейді Ризабек балуан.

Қуан Көшек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде