Танымал ақын Ринат Зайытов Ninety one тобын сабамақ болған “Меломен” триосын жақтап шықты. Ол “Меломенді” қос қолдап, қос аяқтап қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Ринат Зайытовтың белгісіз ер адаммен телефон арқылы сөйлесіп отырған сәтін желіге “Меломен” тобының әншісі жүктеді. Әңгіме барысында есімі белгісіз азамат Зайытовтан 91 тобы жайлы пікірін сұрады.
“Сол топ жайлы мүлдем әңгімелескім келмейді кейінгі кезде”, – деп қысқа қайырды Зайытов.
Бұдан кейін ақын “Меломен” тобының бастамасынан хабарсыз екенін атап өтті. Олардың 91-ді сабамақ болғанын естіген кезде:
“Екі аяқ, екі қолыммен қолдаймын”, – деп пікір білдірді.
Бұл орайда өздерін қолдаған Зайытовқа “Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов алғыс білдірді.
“Рәкеңнің қамшысы ұлттың болашағына төніп тұрған қауіпті тазалауға әрқашан дайын, жасай беріңіз Рәке! Екі ауыз сөзім болса да қазақ үшін пайдасын тигізетін болса қуаныштымын деп отырсыз, біз сізбен біргеміз Алла жар болсын! Елбасымыз аман, дінбасымыз аман, еліміз аман болсын!” – дейді Ролан.