Петропавлда өткен ақындар айтысында бас жүлдені иемденген Ринат Зайытов автокөлік ұтып алды.
«Сал-серілердің серкесі» атты республикалық ақындар айтысы композитор Сегіз сері Шақшақовтың 200 жылдығына арналған екен. Шараны әдеттегідей Жүрсін Ерман басқарды, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бас жүлдені иемденген Ринат Зайытов «Renault Duster» автокөлігін иемденді. Бірінші орын Мақсат Ақановқа бұйырып, ол бір миллион теңгеге ие болды. Екінші орынды бөліскен Жансая Мусина мен Жарқын Жұпарханға 500 мың теңгеден табысталды. Үшінші орын алған үш ақынға 300 мың теңгеден сыйақы берілді.
Айта кетейік, айтысқа еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысқан.