jasqazaq.kz

Риддерде әйел есірткі тарату үшін баланы қасына ертіп жүрген

17 қантар 2025, 14:46


Риддер қаласында есірткі тарату үшін баланы қолданған әйел ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Белгілі болғандай, 34 жастағы әйел Риддер қаласына өткен жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмаған баламен бірге басқа облыстан келген. Ол өзгелерге баламен көшеде жүрген әйел болып көрініп, есірткі таратумен айналысты.

— Күдікті есірткіні алдын ала ойластырылған схема бойынша тасымалдаған. Жетекшілері оған есірткіні қайдан алып, қайда қойып кетіп отыру қажеттігін айтқан. Бұл көбінесе қоғамдық жерлер немесе қаланың адамдар аз жүретін, иесіз қалған аудандары болды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында әйел адам ұсталды. Жеке тінту жүргізу кезінде полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынып, изолентамен оралған 80 ораманы тәркілеген.

— Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді, — делінген ақпаратта.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет