Қазақстан-Ресей шекарасында 7 тонна бинзинді заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.
Петропавлдағы «Жаңажол авто» өткізу пунктіне Мамлютка қаласынан жанғыш-майлау материалдарының ұрланғаны туралы хабар келіп түсті. Мемлекет шекарасына қарай бағыт алған күдікті жасырынып үлгерген.
Шекара қызметкерлері Ресей Федерациясына «Митсубиши» автокөлігімен 7 000 литр бензин алып өтпек болған көрші елдің азаматын құрықтады.
Мамлютка ауданының құқық қорғау органдары аталған істен хабардар.