jasqazaq.kz

Ресейде Әлия Молдағұловаға ескерткіш тақта орнатылды

17 қантар 2018, 10:39

Ресейдің Ярослав облысында Вятское селосында жергілікті мектептің ғимаратына әйгілі қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры мерген Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлады РФ-дағы Қазақстан елшілігінен. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» жазды.

Елшіліктің ақпаратына қарағанда, рәсімге жергілікті мемлекеттік органдардың, ардагерлер мен басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аймақтағы қазақ диаспорасы, жергілікті мектептің оқушылары қатысқан.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Қазақстанда дүниеге келген, кейіннен оның отбасы Ленинградқа көшіп барған. 1942 жылы олар Вятское селосына эвакуацияланып, онда жергілікті мектепте жеті ай оқиды. Сосын ол Рыбинский авиациялық техникумға түседі, үш айдан соң майданға сұранады.

1944 жылы ол Псков облысында Казачиха деревнясы қасындағы шайқаста ерлікпен қаза болады. Қайтыс болған соң оған «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген.

today.kz

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан