jasqazaq.kz

Ресей әндерін пайдаланған мейрамханаға айыппұл салынды

30 мамыр 2018, 14:22

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына караоке-барларда және дәмханаларда қойылған әндердің авторлық құқықты бұзуы туралы шағымдар түсті.

«Палатаның орталық аппаратына кәсіпкерлер үстінен 4 немесе 5 шағым түсті. Бүгінде Астана қалалық кәсіпкерлер палатасында 4 шағым қаралып жатыр, оның біреуі жабылды», — деді Астана Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің маманы, «Атамекен» ҰКП өткен дөңгелек үстелде. Астаналық караоке-бар иесінің шағымы дөңгелек үстел ұйымдастыруға себеп болды. Оның мекемесінде ресейлік авторлардың 8 әні шырқалғаны үшін 5 772 00 теңге айыппұл салынған. Бұл оқиға авторлық құқық заңындағы қордаланған бірнеше мәселенің ұшын шығарды. Атап айтқанда, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар авторлық туындылардың заңсыз орындалуын анықтауға және айыппұл салуға құқылы. «Әділет министрлігінде мұндай аккредиттелген ұйымдардың саны — 9. Олардың барлығы Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңға сәйкес, сотқа жүгіне алады. Түйткілдің бәрі осында. Егер Ресей нарығында 4 қана аккредиттелген ұйым болса, Қазақстанда — 9. Шынында да, бұл өте көп», — деп атап өтті Г. Молдағалиева. Оның айтуынша, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мәмілеге келместен, бизнес өкілдеріне бірден айыппұл салуға тырысады. «Ұжымдық меншік құқықтарын басқару ұйымы кәсіпкерлік субъектімен, яғни пайдаланушымен бейне немесе аудио фонограммаларды қолдану туралы лицензиялық келісім жасауы керек. Бірақ, олар құқықбұзушылықты анықтаған жағдайда, бірден шағым түсіреді. Мұны заңды түсіндіру мәселесі деп қарастырған жөн, өйткені кәсіпкерлердің басым бөлігі дәмхана, мейрамхана, караоке немесе шаштараз ашқанда онда ойналатын музыка үшін ақы төлейтіндерін білмейді. Біз бұл ұйымдарға алдымен бизнеске хабарласуды, заңды түсіндіруді және лицензиялық келісімшарт бекітуді ұсынамыз. Кәсіпкерлер ақы төлеуден бас тартқан жағдайда ғана сотқа жүгінген жөн», — деп өз сөзін түйіндеді Г. Молдағалиева.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді