jasqazaq.kz

«Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

02 мамыр 2018, 11:33

Мадридтің «Реал» футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты. Финалдағы қарсыласы бүгін түнде анықталады.

«Корольдік клуб» «Баварияға» қарсы өткен қарымта кездесуде 2:2 есебімен тең ойнады. Йозуа Киммих жылдам гол соғып, есеп ашты. 11 минутта Карим Бензема таразы басын теңестірді.

Екінші тайм басында мюнхендік клуб қақпашысы Свен Ульрих қателесті. Шабуылшы Бензема бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, дубль жасады. 63 минутта Хамес Родригес есепті теңестірді. Колумбиялық ойыншы соққан голын тойлаған жоқ.

Одан кейінгі аралықта есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша мадридтік команда финалға жолдама алды.

«Реал» өз тарихында 7-ші рет финалға шығып, рекорд жаңартып отыр. Соңғы екі жылда жеңімпаз атанды. Зиннедин Зидан командасымен биыл да қарт құрлықтың басты додасында топ жарсақ дейді. Финал 26 мамыр күні Киевтегі «Олимпийский» стадионында өтеді.

Айта кетейік, жартылай финалдағы «Рома» мен «Ливерпуль» командалары арасындағы кездесу бүгін түнде өтеді. Бірінші ойында ағылшындық клуб 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті