Желі оқырмандары қасиетті Рамазан айында ашық-шашық киінген Луинаны қатаң сынға алды. Олар кім қалай киінсе де, өзі біледі бірақ, жылына бір рет келетін Рамазан айына құрметпен қарау керек екенін айтып, ашулануда.
Бұл даудың бәрі Луинаның Инстаграм парақшасында жарияланған суреттен басталды.
Белгілі әнші Луина желідегі парақшасына Рано Омаровамен түскен суретін жариялап, өзін Раноның баласының “кіндік шешесі” екенін жазды. Алайда, жартылай жалаңаш киінген әншіні оқырмандар сынға алды. Біреулері, оның киімін сынаса, басқалары ана деген сөзді жазбас бұрын, оған лайық болу керектігін айтты.
«Тыржалаңаш қазақ қыздары ақыр заманның белгісі. Ана деген қасиетті сөзді айтпас бұрын, алдымен қарапайып көрінген дұрыс болар деп ойлаймын. Иә, сіз дене бітімі сымбатты, сұлу қызсыз. Бірақ, жартылай жалаңаш суреттеріңіз сізді тым төмендетіп, арзан көрседі»,- деген пікірлер қалдырған оқырмандар.
«Луина қалай көрініп, қалай киінесіз, ол әрине біздің шаруамыз емес. Бірақ, жылына бір рет келетін қасиетті Рамазан айына құрметпен қарау керек қой. Сен мұсылман емессіз бе! Егер сеніміңді өзгертіп тастамасаң. Ата-анаң, бауырларың қайда қарап жүр. Халық саған аузына келгенін жазуда, ал сен болсаң қайта-қайта жартылай жалаңаш суреттеріңді салып әдейі істейтін сияқтысың. Халыққа, ең бастысы Аллаға құрмет көрсет. Биікке самғау қиын, бірақ құлап кету оңай»,- деген тағы басқалары.