jasqazaq.kz

Радиожурналистердің ұлағатты ұстазы еді…

Бүгін, 12:34

Ұстаз деген ұлы сөз. Нағыз ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, журналистика, оның ішінде радиожурналистика саласында шәкірттеріне бүкіл ғұмырын арнаған ұлы ұстаз өмірден өтті… Ол – Ләтипа Ахметова.

Бала кезімізде қазақ радиосынан талай хабарын тыңдап жүрген радиожурналист апайды университетте алғаш кездестіргенде таңдана, әрі тамсана қарағаным есімде. Аудиторияға орта бойлы, шашын төбесіне әдемі етіп түйіп алған, көздері ботадай мөлдіреген, аққұба өңді, шырайлы, өзіне жарасымды етіп жинақы киінген апай кіріп келгенде аңтарыла қарағанымыз есімде. Өзін «Ләтипа Ахметова» деп таныстырғанда, радиодан талай рет хабарын тыңдаған журналист пе деген ой бірден келді. Иә, сол кісі екен. Ұстазбен арадағы алғашқы таныстық осылай басталды.

Ләтипа апай бізге радиожурналистикадан дәріс берді. Арасында ауыр репортерін көтеріп келетін. Факультетімізде қазақ бөлімінде екі әйел адам ғана сабақ беретін. Бірі Тұрымтай Тұрлыбаевна Дүйсебаева, ал екіншісі Ләтипа Мұратбекқызы Ахметова. Біз осы екі ұстаздан дәріс алдық.

Арада жылдар өтті. Мен университетте сабақ бере бастадым. Біздің кафедраны профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұлов басқарды. Кафедрамыз өте ұйымшыл жақсы еді, өйткені Марат Кәрібайұлы қарарапайым мықты ғалым, әрбіріміздің жағдайымызға көңіл бөліп , ақыл кеңесін беріп, қолынан келгенше қолдап отыратын жан еді. Кафедраға алғаш келгенде өзінің тек ұстаздық қана емес, аналық мейрім шуағын төккен ұстаздың бірі Ләтипа апай еді. Кей кезде жүр деп үйіне ертіп барып, кең дастарханын жайып, одан қалса жатақханада тұрасың ғой деп пакетке керек емес десеңде тамақ салып жіберетін. Осылай апаймен әріптестігіміз басталып, жақсы сыйласып кеттік. Көрген-түйгені көп ұстаз арасында ақыл-кеңесін беретін. Арада жылдар өтіп, мен мемлекеттік қызметке ауысып кеттім. Университетке қайта оралғанымда ұстазымыз зейнеткерлікке шығып кетіпті. Бір күні ойламаған жерден хабарласты, ұстаз ауруханаға түсіп қалған екен. Дәрігерлер түгел емін алмаса да шығарады дегесін, қолымнан келгенше көмектесуге тырыстым. Осылай ұстазбен қайта қауышып, араласып кеттік. Кафедрада бірге қызметтес болған әріптесімнен сен ғана қалдың ғой деп айтатын. Арасында барып, хабарласып тұрдым. Барған сайын өзі ауырып жүрсе де баяғы кең дастархан, шәйін дайындап, саған арнап дайындап қойдым деп бәйек болатын. Ұлдары мен қыздары да апайдың өте мейрімді, шамалары келгенше аналарын жақсы күтті. Оның бәрі тәрбиеден болса керек.

Ләтипа апай тек қана ұстаз ғана емес, жақсы жар, құрметті ұстаз, мейрімді ана. Араласқан жылдарымда осының бәрін көрдім. Жолдасы Рымғали аға дүниеден өткенде де, ұлдарына айтып әкесінің атындағы аудиторияны аштырып, портретін салдырып, кітаптарын шығартып, ұрпағының алдында әкелерінің қандай керемет адам болғанын көрсетуге тырысты. Өзі жақсы ғалым бола тұра, өмірінің көбін жолдасының ғылымдағы жолына жол ашқан жан. Ұстазымыз Тауман Салықбайұлының: «Ф акультетімізге әп- әдемі қыз келіп оқуға түсіп, сабақты өте жақсы оқыды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін қыз еді. Филфактағы Рымғали қағып кетті ғой» дегені есімде.

Ғалымның жары болу оңай емес, оны басынан өткізген адам біледі. Ұстаздың қызмет, бала-шағаны өсіру, жарыңа көңіл бөлу, ғылыми жұмысына қолдау көрсету кез келгеннің қолынан келе бермес. Осының бәрін апай бір өзі атқарды. Бала-шаға да қарады, жарына уақытылы ас-суын дайындап, ғылыммен айналысуына мүмкіндік жасап, әрі ұстаздық қызметінде қатар алып жүрген мықты жан десем болады. Ғылыми жұмысындағы көтерген мәселелері бір басқа. Қазіргі күні апайдың еңбегіне сүйеніп қаншама ғылыми жұмыстар жазылуда. Апай өмірінің соңына дейін өзінің мамандығына деген қызметін тастаған жоқ. Жол түсіп үйіне барсаң, алдында үйіліп жатқан газет-жорналдар. Солардың бәрін оқып, керекті жерлерінің астын сызып қойып отырады екен. Телефонмен сөйлескенде де ана газетте мына мәселе көтеріліпті, мына жорналда мынадай мақала, онда жазылған кейбір мәліметердің қалай жазылғанын бүге-шегесіне дейін талдап береді. Өзі мамандығына нағыз берілген жан екендігін осыдан-ақ байқауға болады. Мен зейнет жастамын осының керегі не деп қарамай өмірінің соңына дейін қазақ журналистикасының жанашыры болып келді.
«Ғалымның хаты өлмейді, ұлының сөзі өлмейді» деген сөз апайға арналғандай. Ұстаз, иманыңыз саламат болсын. Екінші ғұмырыңыз жарық болсын. Артыңызда қалған ұрпақтарыңыз сіз армандағандай мықты болсын.

Шәрипа Нұржанова

 

Бүгін, 16:12
Туркестан: Ведется комплексная работа по развитию инфраструктуры питьевого водоснабжения
Бүгін, 15:58
Қызылордадағы зауыттар цифрлық басқару арқылы бақыланады
Бүгін, 14:46
Туркестан: Работы по ремонту дорог идут полным ходом
Бүгін, 14:42
Туркестан: Объездная дорога в Сарыагаш усилит международные транзитные связи
Бүгін, 14:39
Туркестан: В Келесском районе особые показатели по привлечению инвестиций
Бүгін, 14:37
Адил Конысбеков: Главная цель - сформировать устойчивую культуру чтения
Бүгін, 14:36
Туркестан: В индустриальных зонах реализуется 98 инвестиционных проектов
Бүгін, 14:34
Туркестан: В Мактарале новый детский сад, в Коксу – культурный центр
Бүгін, 14:05
Қабдеш Жұмәділов. Ұлы көштің Дарабозы