jasqazaq.kz

«Qazaq Latyn Keyboard» жобасының тұсаукесері өтті

12 сәуiр 2018, 18:01

Көкшетау және Петропавлда смартфон және планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасының тұсаукесері өтті.

11-12 cәуірде Көкшетау және Петропавлда Мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдері мемлекеттік орган өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктері, өзге ұлт жастары, мұғалімдер, ғалымдар және журналистермен кездесулер өткізілді.

Кездесулер аймақтағы жастарды ғылым және білім саласында қолдау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Ақмола және СҚО облыстары Әкімдігі арасындағы серіктестік туралы меморандум аясында өтті.

Жиын барысында ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен қазақ тілінің латын графикасына көшуін түсіндірді.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев алғы сөзінде қазақ тілінің латын графикасына көшуі қазақ тілін жаңғыртуға және еліміздің техникалық прогресіне жол ашатынын атап өтті.

Кездесулер кезінде смартфон және планшеттерге (Android және iOS платформалары үшін) арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасының тұсаукесері өтті. «Qazaq Latyn Keyboard» қазақ тілін латын қаріпінде барлық қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді. Қолданушылардың ыңғайына және үйренуіне арналып пернетақта жиынтығының транслитерациясы жасалды. Оның көмегімен қазақ сөздерін кириллицада енгізсеңіз бағдарлама автоматты түрде енгізу терезесінде мәтінді латын графикасына аударады. Осындай тәртіппен керісінше жасау арқылы қолданушылар жаңа латын қаріпімен енгізуді үйреніп, жаттыға алады.

Бұдан бөлек жиынға қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасаған басқа да жобалары таныстырылды. Бұлар қазақ тілін тегін оқытатын «Soyle.kz» онлайн курсы, «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильдік ойыны, «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиясы, «Tattialma.kz» балалар әдебиет сайты, «Qazaqstan3D» веб-сайты және мобильді қосымшасы, «Жеті қазына», «Менің Казахстаным», «Ұлы тұлғалар», «Қазақстанның мерекелері» мобильді қосымшалары.

ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы қорының баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесулер барысында қатысушылар арасында қазақ әліпбиінің кезеңмен латынға көшуінің басты қырлары жайында ауқымды сұхбат болып өтті. Сонымен қатар қатысушылармен «Латын әліпбиінде жылдам оқуға» байқау өткізілді. Үздік нәтиже көрсеткендерге естелік сыйлықтар табысталды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев іс-шара соңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы — қоғамның қуатты модернизациясы және уақыт өзгерістеріне төтеп беруге мүмкіндік беретін, ұлттық сана-сезімді өзгертетін ұлы реформа екенін атап өтті.

Baq.kz

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды