jasqazaq.kz

Президенттің «оң қолымын» деген ер адам министрлерден ақша бопсалаған

27 сәуiр 2018, 17:21

Бішкекте министрлерді алдаған алаяқ іздестіріліп жатыр. Бұл туралы «24.kg» порталына құқық қорғау органдары хабарлады.

Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, белгісіз бір ер адам жаңа министрлерге, атап айтсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Нұрбек Мұрашевке телефон соғып, ақша бопсалаған.

«Ол өзін президенттің «оң қолымын» деп таныстырып, жоғары қызмет үшін алғыс айту керектігін меңзеген. Бірнеше ведомство басшысынан 150 доллардан алып үлгерген. Қазір алаяқты іздеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Ауыл шаруашылығы министрі бұл ақпаратты растады. Алданып қалған шенеуніктер құқық қорғау органдарына арызданған. Тексеріс жүріп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін шенеуніктерден жиі ақша бопсалаған 38 жастағы Санжарбек Супатаев ұсталған еді. Ұрлық, алаяқтық және түрмеден қашқаны үшін бірнеше мәрте істі болған ол, кейбір деректер бойынша, өзін президент аппаратының қызметкерімін деп таныстырған.

sputniknews.kz

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті