jasqazaq.kz

Президент шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb спутник желілерімен қамтуды тапсырды

28 қыркүйек 2022, 12:32


Қазақстан аумағын интернетпен қамту барынша жоғары. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазақстандық нарыққа Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud сияқты бұлтты есептеулердің ірі ойыншыларын белсенді түрде тартамыз. Халықтың 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұратын еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе саналады. Бұл ретте бізде резерв те бар. Үкімет 100 пайыз интернетпен қамтылғаны туралы есеп беріп жатыр. Бірақ азаматтардың шағымына қарасақ, олай емес», — деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» басшысы мен Цифрлық даму министрі еліміздің аумағы емес, тұрғындарының 99 пайыз интернетпен қамтылғаны жайында есеп бергенін атап өтті.

«Қалай дегенде де мән-жайды анықтау керек. Біздің жағдайымызды шынайы паш ететін цифр қажет. Дегенмен, жалпы алғанда Қазақстан аумағын интернетпен қамту барынша жоғары», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, 3 мыңнан астам шалғайдағы ауыл тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр.

«Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жұмысын жандандыруы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі