jasqazaq.kz

Президент Сағынтаевқа: Өзіңе деген сыни көзқарас жоқ

09 ақпан 2018, 12:44

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ескерту жасады. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осы уақытқа дейін атқарылған шаралар бойынша есеп беріп, әрбір мемлекеттік бағдарламаның нәтижесін жариялады.

Соның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлек бағдарламасы және тағы басқа бастамалар бар. Премьер-Министр баяндаманы жасап болғаннан кейін Президент: «Соңғы Жолдауды орындау бойынша не істедіңдер?», — деп сұрады.

Сұраққа жауап берген Үкімет басшысы Жолдаудың жалпыұлттық бағдарламасы қабылданғандығын айтты.

«Сондай-ақ, сала-сала көрсетілген он тапсырма бойынша жобалық кеңсе арқылы әрбір министрлікке тиісті міндеттер жүктелді. Индикаторлар қойылды. Жылдың соңына дейін тапсырмалардың барлығы орындалатын болады», — деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Президент атқарылған шараларға оң баға берді. Алайда бір ескерту жасады. «Жақсы баяндадың, бірақ өзіңе деген сыни көзқарас жоқ», — деді Н.Назарбаев.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады