jasqazaq.kz

Полицейлер үсіп қала жаздаған ер адамды құтқарды (видео)

25 қантар 2018, 17:37

Павлодарлық полицейлер қақаған аязда қар құрсауында қалған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының тұрғыны өзінің Nissan Cedric маркалы автомобилімен Екібастұз қаласына шыққан. Алайда тас жолдың үстінде рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Кенеттен осындай жағдайға тап болған ер адам, көлігін өздігінен жолға шығара алмаған соң, полицейлер көмекке келгенге дейін суық көлікте бір сағаттан аса отырған. — Сол сәтте автожолда патруль жүргізу кезінде төбесіне дейін қарға кіріп кеткен автомашинаны байқап қалған полиция аға сержанты Бауыржан Төкенов пен полиция аға сержанты Азбек Камзин дереу көмекке келген. Жол-патрульдік полиция ротасының автопатрулі күрек алып, қарды күреп, көлікті алып шыққан. 53 жастағы жүргізуші құтқарушыларға дер кезінде көмек көрсеткендері үшін шын жүректен алғысын білдірді, — дейді департаментте. Аязды күндері жол-патрульдік полиция полицейлері облыс жолдарында күшейтілген режимде күні-түні жұмыс істеуде. Олардың тікелей қатысуымен екі автобусқа уақытылы көмек көрсетіліп, жүзден аса жолаушы, ТМД елдерінің азаматтары жылы жерге жеткізілді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Қайырымды Павлодар» акциясына атсалысып, қарттарды, әйелдер мен балаларды үйлеріне жеткізіп салуда.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті