jasqazaq.kz

Полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

15 мамыр 2018, 21:47

Алматы облысында полиция қызметкерінің өлімімен аяқталған төбелесте қару кезенген Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкері боп шықты. Қорықшы мылтығымен бір адамды атып, екеуін жаралаған. Қазір өзі қамауда отыр. Ал осы төбелесте полицейді пышақтап өлтірген тағы бір күдікті əлі ұсталған жоқ. Полиция майорының арқасынанан пышақтады делінген 30 жастағы Әмір Әбубәкіров Шымкентте бой тасалауы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Есік қаласында полицейді пышақтап өлтірді деген күдікті бір аптадан бері әлі іздеуде. Жігіттер арасындағы жаппай төбелесте тәртіп сақшысына суық қаруды сұғып алды делінген 30 жастағы Әмір Әбубәкіровті марқұмның әріптестері жер-көктен іздеп таппай жатыр. Туыстары да әрине оның қайда жүргенінен білмейді. Отан қорғаушылар күні болған қанды оқиғадан кейін жігіт оларға да хабарласпаған. Іздеудегі күдіктінің туысы: — Қызбалықпен кіріп кетіп отыр ғой. Олар өздері білмейді ғой. Олармен байланысқан болса, әңгіме басқаша болар еді. Оқиға Отан қорғаушылар күні болған. Мерекені атап өтуге алты жігіт жиналған. Алайда, ішімдік қойылған көңілді отырыстың соңы қырғын төбелеске ұласады. Артынша тағы үш жігіт қосылып, атыс шығарған болатын. Ақыр соңында бір жігіт оққа ұшып, енді бірі-пышақтан өлді. Ал төбелеске қару алып келген табиғатты қорғап жүрген қорықшы болып шықты. Иманәлі Сәрсенбаев, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының директоры -Сол күні біз жұмыстан Асты жайлауынан түсіп келгенбіз. Ол кешке қарай қараңғы түскенде кеткен үйіне. Бізде ешкімде қару жоқ. Бірақ енді Олжас туралы айтатын болсам, ол жаман бала емес. Жақсы отбасы. Қалай мына іске барғанын мен білмеймін. Іле-Алатауы мемлеттік ұлттық паркінің басшылары мылтықтан оқ жаудырған қызметкерінің ертесіне-ақ полицияға өзі берілгенін айтады. Алайда, ішкі істер департаментінің мәліметі басқа. Оқиғаны бір апта бойы жасырып келген тәртіп сақшылары оны өзіміз ұстадық деп отыр. Жалпы, төбелес шығарғандардың қай-қайсы болса да 2-3-еуден бала-шағасы бар қызметтегі жігіттер. Зардап шегушінің көршісі — Бірге араласып жүрген бала ғой! Тыныш бала еді. Адамның өлімімен аяқталған оқиғаның түсініксіз тұстары əлі де көп. Төбелеске жалпы қатысы бар 9 адам. Екі адамның біреуін атып өлтірсе, енді біреуі, яғни полиция қызметкерін пышақтап өлтірген. Тағы біреуі аяғына оқ тиіп, ауруханада жатыр. Екі күдіктінің бірі -іздеуде, енді бірі -қамақта. Ал қалған төрт адам туралы ешқандай мəлімет жоқ. Олар не күдікті, не оқиға куəгері боп іске тартылмаған. Жігіттер суға сіңгендей ұшты-күйлі жоқ. Атышулы қылмыс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен