jasqazaq.kz

Полицей жазықсыз адамға жала жапқан

21 мамыр 2018, 13:18

Ақтөбедегі Елек полиция бөлімінің жедел уәкілі Сұңқар Әлпеисов бұрын істі болған адамға қайта қылмыстық іс артып, өз көрсеткішін көтермек болған.

2015 жылдан бастап Ақтөбе қалалық ІІБ, Елек полиция бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істеген жедел уәкіл Сұңқар Әлпеисов өз көрсеткішін арттыруды жоспарлайды. Іс материалына сүйенсек, 2017 жылдың жазында сотталушы С.Әлпеисов қала тұрғыны Г.Шулембаев арқылы жазасын бірге өтеген А.Печерицамен кездеседі. Кездесу кезінде ұялы телефон ұрлығы, бұзақылық деректерін мойнына алуды сұрайды. Сотталушы С.Әлпеисов барлығын сот алды тергеу кезінде аяқтауға уәде берді. Бұрын сотталған В.Печерица құқық қорғаушыға тәуелді болып, қала тұрғыны В.Гамовойдың 15 мың теңге тұратын велосипедін, Аимбетованың ұялы телефонын, Ш.Қарасаевтың аккумуляторын, Е.Жұмағалиевке қатысты бұзақылық фактісін мойындап, сот алды тергеу кезінде іс тоқтатылады. Қала тұрғыны М.Сағиева, Г.Байғабылованың телефон ұрлығын да мойындатып, істі сотқа жібермей қысқартады. «Сұңқар Әлпеисов Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалсын. Өмір бойы мемлекеттік органды қызмет ету құқығынан айырылсын. Жергілікті атқарушы органның белгілеуімен 200 сағат жұмысқа тартылсын»,- деді Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов. Сонымен қатар, сотталушы С.Әлпеисов аға лейтенант шенінен айырылды.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен