Желіде Африкада саяхаттап жүрген туристердің көлігіне пілдің шабуылы түсірілген видео шықты. Роликті CGTN телеарнасы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz.
Автокөлік бағыт алған жолды балаларымен бірге келе жатқан піл табыны кесіп өтпек болды. Жануарлардың бірі адамдардан қауіптеніп, көлікке ақырып, шабуыл жасады.
Бір кезде піл көлікке жетіп, оны күшпен ұрып қалды. Бірақ ол қатты соққы жасаймын деп азу тісін сындырып алды да, тоқтауға тура келді.
Оқиға 20 қаңтарда Ботсвандағы Чоба ұлттық саябағында болды.