jasqazaq.kz

Петропавл маңында қамыс өртеніп, мұнай қоймаларына қауіп төнді 

13 мамыр 2022, 16:42

Петропавлдың маңында кезекті рет қамыс өртеніп, бұл жолы 300 метр жерде тұрған мұнай қоймаларына қауіп төнді.

Өрт сөндірушілер жіті қимылдап, үлкен апаттың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың сыртындағы өнеркәсіптік аймақта, Әуезов көшесі, 266 мекенжайында өрт шыққандығы туралы хабарлама «101» қызметіне сағат 9.12 минут кеткенде түскен. Оқиға орнына Петропавлдың өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды. Өрттің батпақты аумақта шығуы, жел және жақын маңда өндірістік нысандардың, соның ішінде 300 метр жерде мұнай қоймаларының болуы мамандардың жұмысын қиындата түсті. Қызыл жалынмен күресте өрт сөндірушілермен бірге Оңтүстік-Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінің әскерилендірілген өрт сөндіру командасы, жергілікті атқарушы органдардың,

«Қызылжар Су» ЖШС күш-құрылымдары, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің мамандары – барлығы 73 адам және 21 техника жұмыс істеді. Жалын шамамен 10 га аумақты шарпыды. Өрт сағат 11.19-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны және келген шығын мөлшері есептеліп жатыр.

 

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады