jasqazaq.kz

Перзентханада балалары ауысып кеткен

27 ақпан 2018, 12:36


Ресейдің Пермь өңірінде екі әйел 40 жыл бұрын перзентханадағы балаларын ауыстырып алғанын айтты. Ата-аналар мемлекеттік органдармен және жергілікті ауруханамен соттаспақ.

1978 жылдың 7 наурызында екі қыз бала өмірге келген. Оларды шығарарда акушерлер нәрестелерді шатастырып алған.

Римма Швецова үнемі өзгенің баласын бағып жүрген секілді күмәнді ойда болған. Қызы есейе келе түрі де ата-анасына ұқсамайды. Сол үшін ерлі зайыпты арасында ұрыс та жиілеп кетеді.

Ал, екінші Савельевалар отбасында мұндай күмән болмаған. Қызының бөтен екенін мүлде білмепті. Олар қызының туған емес екенін Рима Швецовадан білген.

Швецова шындықты жариялап «Пусть говорят» бағдарламасына да қатысты. ДНК тестінің нәтижесін де көрсетті. Сотта өңірдегі Денсаулық сақтау министрлігі, қаржы министрлігі мен аурухана қызметкерлері жауап беруде.

Ресейде осыған ұқсас 3 жағдай болған. Оның бәрінде сот жәбірленушілердің жағында болды.

 Stan.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр