jasqazaq.kz

Перуашев орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғанын растады (Видео)

11 қыркүйек 2024, 14:10

«Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев өзінің штаттан тыс орынбасары болған Дмитрий Васильевтің ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, қыркүйектің басында Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин пара алғаны үшін қолға түскен. Оған пара берген адамның біреуі – депутат Азат Перуашевтің орынбасары Дмитрий Васильев екені туралы ақпарат тараған. Алайда, ешбір тарап бұл ақпаратты ресми түрде растамаған еді. Бүгін мәжіліс кулуарында Азат Перуашев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзіне берген жауабы негізінде мәліметті растады.

«Өздеріңіз білесіздер, оның (Дмитрий Васильевтің – ред.) ұсталғаны туралы ақпарат өткен аптада тарады. Ол менің штаттан тыс, қоғамдық бастамалар жөніндегі орынбасарым болған соң және партияның ғимаратында отырмай, анда-санда өтетін шараларға ғана келетін болған соң, байланыспаған едік. Ақпарат тарай сала, оған телефон шалуға тырыстық, алайда, ол жауап берген жоқ. Сондықтан, мен 6 қыркүйек күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдап, ақпаратты не растауын не жоққа шығаруын сұрадым. Кеше олар ресми жауабында Васильевтің ұсталғанын растады. Бізге адвокаттарының байланыс нөмірлерін берді. Мен партиямыздың заңгерлеріне тапсырма беріп, мән-жайды анықтаңыздар дедім. Бүгін қандай да бір ақпарат алсақ, партияның ресми сайтына ақпарат шығарамыз», — деді Перуашев.

 

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?