jasqazaq.kz

Павлодарлық жігіт полицейді ұрып тастады

01 наурыз 2018, 11:16

Павлодарлық мас жігіт полицейдің бетінен ұрып, иықбелгісін жұлып алған. Оқиға Павлодар облысындағы Ямышево ауылында болды. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға әйел адам хабарласып, үйіне мас күйдегі ер адамның кіріп кеткенін айтқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Оқиға орынына келген учаскелік полицей үйге мас ер адамның заңсыз кіріп кеткенін көрген. Полицей ер адамнан шығып кетуін талап еткен, алайда ер адам қарсылық білдіріп, құқық қорғау органы қызметкерінің бетінен ұрып жіберіп, күртешесіндегі погонды жұлып тастаған», — деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. Полицейлер учаскелік полицейдің сасып қалмай бұзақыны тынышталдыру үшін күш қолданғанын және көмекке келген ауыл тұрғындарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізгенін айтты. «30 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану, билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру») бойынша іс қозғалды. Айта кетейік, осы бап бойынша бұзақы үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді