Павлодарда жер астынан ыстық су атқылады. Stan.kz. хабарлағандай, Павлодарда жылу жүйесі жарылып, жерден 4 метр биіктікке ыстық су атқылады.
Қаладағы Российский және Суворов көшелерінің қиылысындағы жылу жолы жарылып, жер астынан ыстық су атқылады. Куәгерлер бұл сәтті видеоға түсіріп алып, Instagram желісінде жариялап жатыр.
Видео кадрларынан ыстық судың жер астынан шамамен 4 метр биіктікке атқылап жатқаны көрінеді. Салдарынан жолдың жүретін бөлігін су басып қалған. Ал су атқылаған жердегі жол төсемінің быт-шыты шығыпты.