Павлодарда жаңа туған нәресте даладан табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Бұл ақпаратты аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы растады. Нәресте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан табылды. Сәбиді жаяу жүргіншілердің бірі байқап қалған. Қазір тексеру жүріп жатыр. Полиция бұл туралы ешқандай мәліет таратқан жоқ.
“Қазіргі уақытта бала облыстық перинатарлық орталықта”, – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.