jasqazaq.kz

Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады

31 мамыр 2018, 11:58

ҚР Парламентінің сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы заңды» қабылдады. Құжатта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясына байланысты, Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету құқығы өмір бойы тиесілі екендігі белгіленеді”, — деп жазылған заң жобасының қорытындысында.

Құжатта Қауіпсіздік Кеңесінің ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылатыны көзделеді.

Айта кетсек, Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді