jasqazaq.kz

Пара бермек түгілі, ойыңа да алма!

15 қантар 2025, 16:22

Бізде пара берген адам да, оны алған адам да жазаға тартылады. Бірақ бұл да сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл бола алмады. Мектепте мұғалімдерге сыйлық аламыз деп ақша жинау, дәрігердің қалтасына «көк қағазды» сүңгітіп жіберу әлі де бар. Өйткені қандай да бір қызмет үшін біреу алғысы келіп тұрады. Біреу ештеңе бермесе, ренжітіп алатындай көреді. Бұл санаға мықтап сіңген дерт секілді.

Бүгін Мәжілісте заң жобасын таныстырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловқа қойылған сұрақ көп. Соның бірі «қандай жағдайда берген сыйлығың пара саналады» дегенге саяды.
Антикор төрағасының оң қолы түсіндіргендей, берген сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, пара берген болып есептеледі. Биыл бір АЕК – 3962 теңге десек, сыйдың бағасы 7864 теңгеден аспауы керек.

Әйтсе де, мұның өзі пара беруші мен алушыға қандай да бір саңылау қалдырғандай болып көрінеді. Мәселен, бір сыныпта 20 оқушының ата-анасы мұғалімге 2 АЕК көлемінде жеке-жеке сыйлық жасауы мүмкін ғой. Бұл пара болып есептеле ме, жоқ па? Сол секілді дәрігерге бірден лақ еткізбей, он күн 7864 теңгеден беріп отырса ше? Әйтеуір, адамнан қулық артылмайтыны белгілі ғой.

Бәлкім, екі АЕК деп шегін белгілемей-ақ, «мүлде тыйым салынады» деп шорт кескен дұрыс болар?
Айта кетейік, бүгінгі талқыланған заң жобасында пара бермек түгілі, оны уәде етуді қылмыс деп тану туралы өзгеріс енгізілетіні айтылды. Сондықтан пара деген пәлені ойға да алмауға қазірден бастап дағдыланған дұрыс.

Наргүл Мырзахмет

Фото: Halyq Uni

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет