jasqazaq.kz

«Өзің кеттің, мәңгілік сен қалдың». Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады (Видео)

13 қантар 2025, 12:35

Жазушы Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің қазасы туралы пікір білдіріп, өкпеге қиса да, өлімге қимайтынын жеткізді.

Жазушы «7 күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында: «Мұхтар Мағауин қайтыс болды деген хабарды естігенде өзім отырып қалдым. Кеше ғана сау адам сияқты екеуміз айтысып жүр едік қой. Бұл не болғаны? Адам тіршілігінде өлмейтіндей жүреді екен. Менен кейін қайтыс болатын шығар деп те ойлайтынмын. Ал айналайын, Мұқаң, сәл-пәл артық айтып қойсам, әруағың кешірсін. Өзім артық ештеңе айтпадым деп ойлаймын. Егер артық болса, кешірім сұраймын. Қазаққа үлкен олжа тастап кеттің. Өзің кеттің, мәңгілік сен қалдың», — деді.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Дулат Исабеков бір сұхбатында: «АҚШ-та жатып, өзін туған елінен қуғын көргендей көрсетеді. Ол ешқандай да қуғын көрген жоқ. Осы елден алатынның бәрін түгел алып алды. Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды, Халық жазушысы болды. «Жұлдыз» журналын 20 жылдай басқарды. Бұл басылымға ең ұзақ редактор болған да өзі. Тіпті, «Жұлдыз» журналының әр санын өз пайдасына ғана арнап, шығарып отырды

Жұрттың пікіріне қарсы «Мен» деген роман жазып, жариялады. Кейбіреулер «Мен» емес, неге «Ол» деген роман жазбайды?» деп пікір қалдырып еді, оларға бас салды. Өзінен басқа жазушы жоқ екенін анық, ашық айтты. Анау Мұхтар Әуезовті де, басқасының бәрін ысырып қойып, жалғыз өзін жазушы етіп көрсетті. Қалғанының бәрі одан әлдеқайда төмен. Ешқайсымыз, өліміз де, тіріміз де аман қалған жоқпыз. Осындай да позиция бола ма екен?!»- деп ащы айтқан болатын.

Сол кезде Мұхтар Мағауин де қарап қалмады, елдегі жазушыны жермен-жексен етуге тырысты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Jas Qazaq

Фото: Azattyq ruhy

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет