jasqazaq.kz

Өзбекстанға барған әрбір шетелдік күн сайын салық төлейтін болады

01 маусым 2018, 11:24

Өзбекстанның министрлер кабинетіндегілер мемлекеттік баж салығын өндіріп алуға және шетелдік валютадағы салықтан тыс төлемдерді өндіруге қатысты өзгертулер енгізді.

tengrinews.kz хабарлағандай, азаматтығы жоқ және шетелдік азаматтар 30 күнге дейін уақытша тіркеуге тұру үшін әр күн үшін салық төлейді, яғни, Өзбекстандағы айлық есептік көрсеткіштің (3 445 сом) 2 пайызын төлеп отыруға тиіс болады. Осы күнге дейін уақытша тіркеу 20 доллар (160 516 сом) тұрған екен. Шетел азаматтарына Өзбекстанға қанша уақытқа келгеніне қарамастан осы соманы төлеу міндеттелген еді. Мемлекеттік туризм комитеті өкілдерінің айтуынша, осылайша туристер ақшаларын айтарлықтай үнемдей алады. Басылымның мәліметінше, бұл өзгерістердің ТМД елдеріне де қатысты бар. Енді Өзбекстанға келген турист уақытша тіркеуге тұруға төлейді, мұнымен қоса, олар күніне 3 445 сом көлемінде салық төлеуге міндеттелді. Осыған дейін олар елге қанша күнге келуіне қарамастан 5 доллар (3 күннен бастап 6 айға дейін) төлеген екен. Комитет өкілдері ТМД елдерінен келген туристердің көбі бір апта немесе 10 күнге туыстарына, достарына келетінін айтып өтті.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді