Жамбыл облысында 44 адам мінген автобус бұзылып, қыстың көзі қырауда жолаушылар жолда қалып қойған. Бұл туралы Хабар телеарнасы хабарлады.
Оқиға Меркі ауданы Аспара ауылынан 15 шақырым жерде болған. Көліктегі жолаушылардың бәрі көршілес Өзбекстан елінің азаматтары екен. Жедел жеткен лблыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары автобустағы 44 жолаушыны Аспара ауылдық мектебіне орналастырды. Қазір өңір жолдарында тосын жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.