jasqazaq.kz

Өткен жылы жөндеуден өткен бөгетті су шайып кетті (видео)

09 сәуiр 2018, 13:04

Батыс Қазақстан облысы Зеленовский ауданындағы Перемет ауылында бөгетті су шайып кетті, — деп хабарлайды «Мой город». БАҚ мәліметінше, ол өткен жылы жөндеуден өткен. Куәгерлер оқиғаның видеосын түсіріп алды.

Өткен жылы жөндеу жүргізген мердігерлер кепілдеме аясында бөгетті қайта жөндеп беретінін айтқан. «Биыл қар қалың түсті. Қардың еруінен су көтерілгеннен кейін бөгетті шайып кетті. Мердігерлер кепілдеме міндетін аясында барлығын қайта қалпына келтіреді. Сонымен қатар, облыс әкімі Алтай Көлгінов жобалаушыларды жауапқа тартуды тапсырды. Айта кетейік, ауданға қажетті су мөлшері жиналған», — деді БҚО әкімінің баспасөз қызметі. Зеленовский ауданындағы бөгетте құрылыс және нығайту жұмыстары 2017 жылы жүргізілген. Техникалық суды жақын маңдағы Переметті, Полевой, Қаражар және Зеленый ауылдарын қолданады деп жоспарланған.

 

tengrinews.kz

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды