jasqazaq.kz

Өткен қиындықтарын еске алған Әнел жұртты жылатты

01 маусым 2018, 12:17

Ауыр дертке шалдыққан Әнел мен оның өмірі үшін барын сала күрескен Марленнің оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіреткен еді. Тіпті түрлі қиындықты бірге бастан кешкен ғашықтарға «2017 жылдың ең үздік жұбы» атағы берілді. Сол күндері жанына батқан дүниелер мен қиындықтарын еске алған Әнел әсерлі жазбасымен бөлісіп, жұртты жылатты, деп жазады Stan.kz.

Әнелдің айтуынша, ол қатты науқастанған күндері аман қалатынына сенімсіз болған. Алайда оған Марленнің, отбасы мен жақындарының демеуі қуат беріп, сенім сыйлапты.

«Таяуда суреттер архивін ақтарып отырып Марлен екеуіміздің көп естелігімізді тауып алдым. Өткен өмірім, өткен қиын жолдарымыз, әлі де көріп жатқан қиындықтарымыз, жанымның ауырған, алдымдағы есіктердің жабылғаны, дәрігерлердің бас тартқаны, Марленнің сүйіктісін жоғалтып алудан қатты қорыққаны, ата-анам мен жақындарымның уайымы, өліп кететінімді ойлап өмір сүрген күндерім көз алдыма келді. Шынымды айтсам, осылай басымды көтеріп, жер басып жүремін деп ойламадым. Бұл қорқынышты дертті жеңеміз деп те ойламаған едім. Оттегімен қамтамасыз ететін құрылғыны сирек пайдаланатын күн келерін де білмедім.

Сол күндері Марлен әр секундты санап, құрылғыға оттегі толтыруға жүгіретін. Ол күндері ертең бар не жоқ болатынымды білмейтін едім. Алайда күн сайын отбасым мен Марленнің Алладан амандығымды тілеп, емделудің жолдарын іздегенін, Марленнің менің өмірімді өзінікінен артық бағалайтынын көргеннен кейін, өзімде де сенім пайда болды. Мен де Алладан тілей бастадым. Және Алла маған өмірімді жалғастыру мүмкіндігін сыйлады. Бұл – біздің махаббатымыздың жалғасы. Алланың махаббаты ғажайып дүниелерді жасайды. Ол маған ауру берсе, шипасын да беретін Өзі. Алла барлық науқастарға, әсіресе балаларға денсаулық берсін!» – деп жазды Әнел Instagram-парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары Әнелдің жазбасынан әсерленіп, оған денсаулық пен ғұмырлы болуын тілеп жатты.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді