jasqazaq.kz

Отбасылық жанжал кезінде әйелі күйеуіне пышақ сұғып алды

16 наурыз 2018, 16:17

Ақтөбеде отбасылық жалжал кезінде жас келіншек күйеуіне пышақ сұғып алды. Оң жақ кеудесі жараланған күйеуі айыпталушыға кешірім берді. Бұл туралы   Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды. Ақтөбе қалалық сотында отбасылық жалжал қаралды.

Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша 21 жастағы келіншек айыпталды. Іс материалына сүйенсек, бұрын сотталмаған, орта білімді келіншек күйеуімен ұрысып қалды. Ерлі-зайыпты арасындағы дау-жанжал кезінде ұйықтап жатқан бала жылап, әйел оны жұбатуға ұмтылады. Сол кезде күйеуі оны тоқтатып, жібермей қойған. Ашуға булыққан айыпталушы ас бөлмесінде үстел үстінде жатқан пышақты алып, күйеуінің сол жақ кеудесіне сұғып алады. Күйеуінің жараланғанын көрген кезде кешірім сұрап, жедел жәрдем де шақырған.

Айта кетейік, жәбірленуші әйеліне кешірім беріп, ешқандай талап қоймайтынын, бас бостандығынан айырмауды сұрады. №2 қалалық сотының судьясы Д.Гильманова 21 жастағы әйелді айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ол пробациялық бақылауда болады. Тұрғылықты жерін ескертусіз ауыстыра алмайды. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарына бармайды.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен