Күйеуі бола тұра, отбасылы азаматқа ғашық екенін айтқан семейлік келіншек өзінің сырын айтып берді.
Гүлжан есімді келіншек, екі баланың анасы екен.
«Отбасылымын. Күйеуім, бала-шағам бар. Алайда, желі арқылы танысқан бір адамға қалай ғашық болып қалғанымды білмеймін. Ол да мені ұнатады. Бірақ, екеуміздің де өз жанұямыз бар», — деп әңгімесін бастады ол.
Гүлжанның күйеуі айдың жартысын үйінде, жартысын жұмыста өткізеді.
«Азамат 15 күн үйде болмайды. Сондай күндердің бірінде мен Жарқынмен таныстым. Екеуміз бір ауданда тұрамыз. Ол да мені жақсы көретінін айтады. «Әйелім екеуің бірдей болып кеттіңдер. Тіпті сен артықсың. Көрмесем тұра алмаймын. Бірақ отбасымды тастамаймын» дейді. Менің де отбасымды тастайтын ойым жоқ. Бірақ, Жарқынға жазбай, іздемей жоқ болып кетейін десем, ол мүмкіндік бермейді», — деді кейіпкер.
«Өткенде бір туысымның үйіне қонаққа барып едім. Кісі жұмсап, мені сыртқа шақыртып алды. Сөйтті де мені қатты қызғанатынын айтты. Мен бәрін қояйық деген едім бетімнен шапалақпен тартып жіберді.
Күйеуімнен бұлай таяқ жеп көрмеген едім. Жылап, кетіп қалдым. Қазір ол кешірім сұрап жазып жүр. Мен оны баяғыда кешіргенмін. Бірақ, өзім де Жарқынды көргенше асығамын. Оның үш баласы бар. Менің екі балам бар. Күйеуіме қандай сылтау айтып ажырасамын? Ол жақсы әке. Менің көзіне шөп салып жүргенімнен бейхабар. Әлде шындықты айтып, балаларымды алып кетсем бе екен?», — деген Гүлжан қазір ой жетегінде жүр.