jasqazaq.kz

Отбасы институты: «қонақ неке» мен күйеуге шыққысы келмейтіндер көбейді

14 қантар 2025, 16:20

Қазақстан қоғамдық даму институты еліміздегі отбасы институтын зерттеуге арналған ұлттық баяндамасында соңғы кездегі өзгерістерге тоқталды.

Сарапшылардың пікірінше, соңғы кезде «қонақ неке” пайда болған. Қонақ неке – ресми тіркелген неке. Бірақ ерлі-зайыптылар бөлек тұрады және аптасына 2-3 рет кездеседі. Күйеуі мен әйелі екі қалада немесе тіпті екі елде тұрғандықтан, сондай-ақ біреуінің вахталық тәсілмен жұмыс істеуінен туындайтын неке. Сарапшылар соңғы кезде жұбайы өзінен айтарлықтай үлкен болатын некелердің көбейгеніне де алаңдаушылық білдіреді. Алдағы уақытта бұл трендке айналса, туу деңгейіне ықпал етеді және бұл елдің демографиялық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жастардың неке құруға асықпауы, қыздардың тұрмыс құрудан гөрі мансапқа көбірек маңыз беруі де жағдайды ушықтыра түседі.

JQ-Aqparat

Фото: old.aqmeshit-zhastary.kz

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет