jasqazaq.kz

Отандық комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды

04 қазан 2024, 11:17

Сочидегі Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиада алаңында ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржы институттарының комплаенс-мамандары арасында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған үздік қаржылық анализге арналған конкурс өтті.
Ауқымды жарысқа Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдері қатысты.


Байқау ұсынылған жобаларды интерактивті талқылау форматында өткізілді.
Ақшаны жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда «дроптар» қарсы іс-қимылдың күрделі тетіктерін қолдана отырып, үздік қаржылық анализге арналған жұмыстар және оларға қарсы күресте тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың үздік үлгісі қаралды.
Дроптар — заңсыз әрекеттерден қаражат жинау үшін қылмыстық схемаларға қатысатын адамдар.
Қазақстаннан «ATAIX Eurasia ltd.» криптобиржа – компаниясының AML комплаенсы Айдын Мұқашевтың кейсі ұсынылды.


Жобада ұсынылған дроптар мен VPN-ді қолдану арқылы жүзеге асырылатын күрделі алаяқтық схемалардың ұйымдастырушыларын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер сарапшылардың қызығушылығын тудырды.
Нәтижесінде бұл кейсті Еуразия кеңістігіне ұсынып, отандық тәжірибе туралы жариялау шешімі қабылданды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық кейс конкурстың жеңімпазы болып танылды!


Сарапшылар қазақстандық жылыстатуға қарсы жүйенің АЖ/ТҚҚ саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге дайындығын жоғары бағалады.
Айта кетейік, қазақстандық команда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан (ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Maqsut Narikbayev University, Turan Unversity, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) 10 студент пен магистранттардан тұрады.

ҚМА Баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда