jasqazaq.kz

Ота жасап тұрып билеген хирург сау әйелді сал етіп қойды (видео)

25 мамыр 2018, 16:55

Винделл Дэвис Боутте ота барысында көңіл көтерген видеосын желіге саламын деп, бар абыройынан айырылды. Ол хип-хоп стиліндегі әнді қойып, билеп жүріп жұмыс істеген.

nur.kz  жазғандай, хирург өз әрекетін қалыпты жағдай санағанымен, оның аяғы қайғылы жағдайға алып келген.   Көңілді отаның құрбаны болған — 55 жастағы Иклима Корнелиус. Ол тұрмысқа шығар алдында ішіндегі артық майын пластикалық ота арқылы алдырумақ болыпты. Ал ота барысында әйелдің жүрегі тоқтап қалады. Белгілі болғандай, хирург оған анестезия салу барысында қате жіберген.
Ота барысында әйелдің жағдайы нашарлаған соң, хирург дереу жедел жәрдем шақырады. Медициналық қызметкерлер оның жүрегін қайта жүргізеді. Бірақ ауруханаға жеткенше оның ашық жатқан ағзасына инфекция түспес үшін Боутте әйелдің терісін арнайы дәрімен өңдеген. Оған қоса науқас жатқан кереует лифтіге сыймай, баспалдақ арқылы алып түсуге тура келіпті.
Когда Корнелиус ауруханаға жеткен кезде, оның миы оттегі жетіспеушілігінен зақымданғаны анықталған. Дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалғанымен, ол өмір бойына сал болып қалды. Ол қазір тіпті, сөйлей де алмайды.
Қайғылы оқиғадан кейін әйелдің туыстары хирургты сотқа берген. Тергеу барысында Боуттенің басқа пациенттері де отадан зардап шеккендерін айтып шағымданнған.
Қазір хирург науқастарға өтемақысын төлеп, жұмысын жалғастырып істеп жүр

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен