jasqazaq.kz

Өскеменнен Аягөзге көмек жасағы шықты

11 наурыз 2018, 19:15

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында жауын соңы тасқынға айналуына байланысты 1000 адамдық апаттық құтқару тобы құрылды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, толассыз жауынның салдарын жою үшін апаттық құтқару тобы құрылып, 1000 адам мен 300 арнайы техника бөлінген. «Өткен тәулікте облыста бір айдың мөлшеріндегі жауын-шашын түсті. Дағдарыс орталығынан құрылған арнайы топқа 1000 адам, 300 техника, 56 жүзу құралы, 58 моторлы сорғы бөлінді» — делінген департаменттің баспасөз ақпаратында. Жауын салдары әсіресе Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында көбірек сезілуде. Қазіргі таңда су алған 22 үй мен 148 аулаға көмек көрсетілген. Ресми дерек 23 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін айтады. Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы көпірде әлі де болса кезекші топ жұмыс істеуде. Өскемен-Алматы бағытындағы жолдың 130 метр бөлігіне су жайылған болатын. Қазір оның 80 метрі судан арылды. Бір күн ішінде су алған аулалардан 3724 текше метр су сорып алынған. Соның ішінде Өскемен қаласында 3484 текше метр, Аягөз ауданында 240 текше метр су сорылған. Облыс орталығынан Аягөз ауданына көмек ретінде 20 адам мен 5 техника шықты. Осы уақытқа дейін тұрғындардан «112» нөміріне 1000-нан астам қоңырау түскен.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен