jasqazaq.kz

Өскеменде қоқыстан адам сүйектері табылды (видео)

30 мамыр 2018, 18:01

 Өскеменде қоқыс үйіндісінен адам сүйектері табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Экологтар адамның сүйектерін кездейсоқ тауып алғанын айтады. Мамандар рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу бойынша шағымға келген. Ал құрылыс маңынан адамның сүйектері табылған.

«Жоспарлы рейд жүргізу кезінде осы маңнан өтіп бара жатып, адам сүйектерін тауып алдық», — дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Анатолий Филиппов.

«Шамамен жер қазылып, топырақ алынған. Ол жерде адам көмілген болу керек, заңды ма, әлде қылмыстық па, әзірге белгісіз. Қазу жұмыстарын кім жүргізгені белгісіз», — дейді Филиппов. Мамандар ол жерді аралап жүріп жақын жерден тағы бірнеше сүйек тауып алған. Оқиға орнына полицейлер шақыртылды. Олар аумақты қоршап, экологтардан жауап алды. «Қанша бассүйек пен өзге де мүше сүйектері жатқаны белгісіз. Төгіп тастаған топырақты толық қарап шыққан соң белгілі болады. Әрине, жұмысымыз жағымды емес, бірақ ол адамдардың кім болғанын анықтау қажет», — дейді тағы бір маман Елена Полянцева. Қазіргі кезде сүйектер табылған орында жедел әрекет пен криминалистердің бірнеше тобы жұмыс істеп жатыр.

 

 

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді