jasqazaq.kz

Орыс қызы Елбасына берген уәдесінде тұрды

01 маусым 2018, 13:01

Елбасыға қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын деген орыс қызы уәдесінде тұрып, екі баланың анасы атанып отыр.

NUR.KZ  хабарлағандай, ОҚО тұрғыны Юлия Дробязка осыдан 13 жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облысқа жасаған сапары аясында жастармен кездескен сәтінде күллі жұртшылық алдында қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақ халқының санын арттыруға өз үлесін қосуға уәде берген болатын.

Бойжеткеннің бұл тілегі қабыл болып, ол бүгінде қазақ шаңырағының ибалы келіні атанып отыр. Киелі Отырар ауданына келін боп түскен орыс қызы бұл туралы Шымкентте өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының кезекті сессиясында айтты.

«Мен кең-байтақ қазақ даласын Отаным деп білетін орыс қызымын. Бүгінде берекелі қазақ отбасының түтінін түтетіп отырған инабатты келін әрі екі баланың ардақты анасымын. 2005 жылы бүкіл ел алдында президентке болашақта қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтың санын көбейтуге уәде бердім. Елбасының алдында сөз сөйлеп, уәде беру үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болса, оны орындау мен үшін мерейлі міндет деп білдім. Міне, бүгінде сол уәдемде тұрып, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Жолдасым – қазақ. Балаларым қазақ. Өзім де қазақ боп кеткенмін. Отырардағы үлгілі келіндердің санатындамын», — деді орыс қызы.

Сөз барысында Юлия Дробязка қазақ шаңырағына келін атанудың басты ерекшелігін де атап өтті.

«Қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы – ағайын-туыстардың көптігі. Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Өзара қазақ-орыс тілдерінде сөйлесеміз», — деген келіншек облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа қазақтану бойынша арнайы бағдарлама қабылданса деген тілегін де жеткізді.

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді