jasqazaq.kz

Орыс атай қазақша бата береді (видео)

02 наурыз 2019, 14:34

Желіде қазақ тілінде бес түрлі бата берген орыс ұлты қариясының видеосы тарады. Кеңқияқ ауылының белсендісі Ардақ Құбашева Instagram парақшасында ерекше видеоны жариялады деп жазады NUR.KZ.

Ұлты орыс болса да Шкапоров Николай Иванович үйіне келген қонақтарына батаның түр-түрін берген. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін ақсақал 300-ден астам мақал-мәтелді жатқа білетін болып шықты.

Шалқарда туып өскен қарт ұзақ жылдардан бері Кеңқияқта тұрып келеді.

«Өмірінде орыстармен істес болмаған. Оларды тек әскерге барғанда кездестірген екен. Жалпы, қазақтардың арасында салт-дәстүрін сіңіріп өскен», — дейді Ардақ Құбашева.
Николай Шкапоровтың туған қарындасы Валентина Ивановна да қазақ тілінде еркін сөйлейді. Бүгінде ол Ақтөбеде мұғалім болып қызмет етеді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ардак Кубашева (@ardakkubasheva)

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен