jasqazaq.kz

Өртенген автобустың иесі қашып кеткен

11 сәуiр 2018, 14:40

Бас прокуратура өкілдері 52 адамның Ақтөбе облысында өртенген автобуста мерт болуына қатысты қылмыстық іске қатысты пікір білдірді.

Брифинг барысында қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Азамат Дүйсембеков қылмыстық істің аяқталып қалғанын және күдіктілер мен олардың адвокаттарының қарауында екенін мәлімдеді. Ал автобус иесі іздеуде жүргенін айтты. «Олар кінәсін мойындамай отыр. Ал автобус иесіне қатысты 348-бап бойынша тергеу жүріп жатыр. Әзірге бұл іс күдіктісіз жүргізіліп жатыр. Автобус иесі Мехтиев — іздеуде», — дейді Азамат Дүйсембеков. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы жолаушылар автобусы 18 қаңтарда өртенген болатын. ТЖК мәліметі бойынша, автобустан бес адам ғана аман шығып кете алған. 52 жолаушы оқиға орнында мерт болған. Кейін желіде оқиғаның видеосы тарады. Автобус Сарыағаш ауданындағы Жібекжолы ауылына шығып, Ресей Федерациясының Қазан қаласына жол тартқан еді. Қаза болғандардың барлығы ер адамдар, Өзбекстанның Наманган облысының тумалары. Олардың ең үлкені 41 жаста және араларында 19 жастағы жігіттер де болған.

Tengrinews.kz

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды