jasqazaq.kz

Орталық Азиядағы венчурлық келісімнің 70 пайызы Қазақстан үлесінде

19 желтоқсан 2024, 10:46

Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан өңірдің барлық венчурлық мәмілелерінің 70%-дан астамын қамтамасыз етіп, Орталық Азияда көшбасшылық ұстанымды иеленіп отырғанын атап өтті. Соңғы бес жылда еліміздегі венчурлық капитал көлемі алты еседен астам өсіп, $80 млн-ға жетті.

Қордың құрылуы Қазақстанның инвестициялар мен технологиялардың халықаралық экожүйесіне интеграциялануына бағытталған елдің венчурлық капитал нарығын дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.

Венчурлық инвестициялар қорлары қоры орта мерзімді перспективада жетекші әлемдік, өңірлік және қазақстандық венчурлық қорларға бағытталатын $1 млрд жеке инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл тиімді әртараптандыруды, экономиканы трансформациялау үшін қажетті жаһандық құзыреттер мен аса маңызды технологияларға барынша қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда қордың бастапқы капиталын қалыптастыруға қазақстандық ірі бизнес өкілдерінен $100 млн-нан астам сомаға өтінімдер жиналды.

Қор жұмысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және басқа да негізгі технологиялық салаларды қосқанда, перспективалы бағыттарға ерекше назар аударылатын болады. 2030 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект нарығы $827 млрд-қа дейін өседі деп болжануда, бұл саланы инвестициялар үшін басым бағыттардың біріне айналдырады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру озық технологияларға қолжетімділікті ашып қана қоймай, Қазақстанның халықаралық стартаптар мен технологиялар хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады деп атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз білім мен инновацияға негізделген экономика құрып жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда IT секторы белсенді дамып келеді, цифрлық қызметтер экспорты артып, жас мамандар ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие болып отыр. Біздің басты міндетіміз – өзіміздің таланттарымызды сақтап қалуға және жаңа дарындарды тартуға жағдай жасау, стартаптарды дамытудың барлық кезеңінде қолдау және Қазақстанға жаһандық құзыреттерді тарту», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

JQ-Aqparat

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет